МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің анасының жерлеу рәсімінен желіде түрлі видеолар тарап, кейбір видеоларды көрген жұрт таңғалысын жасырмай, жағаларын ұстады деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, әнші Сәкен Майғазиевтің анасы 13 қазан күні дүниеден өткен еді. Кеше әншінің анасын ақтық сапарға атандырып, туған жері Созақта жаназасын өткізді.
Жаназа рәсімінен тараған видеоларда Сәкен Майғазиевтің өзі аста сөйлеген сөздері тарады.
"Анамыз намазын қаза етпеген, қажылыққа барып келген кісі еді. Жаны жәннаттық болсын. "Саған разымын, балам" деген сөзді естіген баламын. Денсаулығы сыр бергенге дейін намазын оқыды. Алланың бес парызын бұлжытпай орындады. Мен бақытты ұрпақтардың бірімін", - деген Сәкен Майғазиев шүкіршілік ететінін айтты.
Келесі бір жаназа видеода Сәкенге көңіл айтқан Мейрамбек Беспаевтың бейнесі бар. Әйтсе де, жұрттың көзі бірден жайылған аста-төк дастарқанға түсті.
"Жаназа емес, тойға жайылған дастарқан сияқты екен", "осындайды желіге салып не керек", "ұят қой", "анасының жаны жәннаттық болсын" дегенге саятын пікір жазғандар жаназада жайылған дастарқаанды сынады.


