Отбасы банк халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі тиіс: Олжас Бектенов қолжетімді коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды

Отбасы банк халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі тиіс: Олжас Бектенов қолжетімді коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді деп жазады Democrat.kz.

 Екінші деңгейлі банктердің коммерциялық ипотекасын дамыту

Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту мақсатында қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуі тиіс.

Отбасы банк өз кезегінде, халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі қажет, — деп атап өтті ҚР Премьер-министрі.

 Құрылыс кодексі аясында нормативтік актілерді уақтылы жаңарту

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 1 шілдеге дейін нормативтік актілерді жаңартып, қабылдауды, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде үздіксіз бақылап отыруды қамтамасыз етсін.

 

Барлық жаңалықтар