Өзінен 30 жас үлкен әйелін көрсеткен жігіт жұрттың ашуына тиді

Өзінен 30 жас үлкен әйелін көрсеткен жігіт  жұрттың ашуына тиді

Әлеуметтік желіде қазақтың өрімдей жас жігітінің өзінен отыз жас үлкен әйелім бар деп, видеосын жариялауы көпшіліктің қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде Idzhon атымен тіркелген желі қолданушы жігіт "әйелім өзімнен отыз жас үлкен, ал келіншегім шешемнен сегіз жас кіші" деп әйелімен түскен видеоларын жариялады. 

Сонымен қатар ол: "Бұл менің таңдауым. Жасы 56-да болса да, ол да біреудің мәпелеп өсірген қызы ғой. Неге сонша ренішке толы негатив сөздер жазып жатырсыздар?" Деп, өзін түсіне алмаған жұртқа реніш білдірді. 

Қазақтың апталдай азаматының бұл тірлігі желі қолданушыларға жақпады. Жұрт "Екі шешең болыпты ғой", "есірген ақымақтың тірлігі", "кәрі әйел неге ұялмайды" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар