"...өзінің басындағы боқты көрмей, біреудің басындағы шоқты үрлеген" депутат Ринат Зайытов сынға қалды

"...өзінің басындағы боқты көрмей, біреудің басындағы шоқты үрлеген" депутат Ринат Зайытов сынға қалды

Танымал журналист Диас Нұрақын депутат Ринат Зайытовтың журналистер туралы айтқан пікіріне қатысты өз ойын білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Кез-келген марапат цирктегі аңды үйрету үшін аузына тамақ беріп тұрады ғой, сол сияқты. Кімнің тарысы піссе, соның тауығына айналады. Жалғыз журналистер емес өнер-білім саласына да қатысты- депті Ринат Зайытов. 

Өте дұрыс айтып отыр. Өре түрегелетін ештеңесі жоқ. 100 пайыз қолдаймын. Тек алып-қосар бір тұсы бар.

-Өзім де жабайы жануар сияқты еркін жүргем. Айтыстағы адуыныма ешкім төтеп бере алмайтын. Билікті бір кісідей сықпыртып сынадым. Бірақ 2022 жылы күтпеген жерден жақсы бір дрессировщик жолығып, мені де қолға үйретіп алды.

Кеудеме "Құрмет" орденін тағып, айтыс сахнасында емес ЦИРК алаңында өнер көрсете бастадым. Ал, 2023 жылы таңғы асқа тарысы үнемі пісіп тұратын Аманаттың дастарханынан дәм таттым.

Әлі де үш мезгіл тамағым солардың мойнында. Тіпті тары қосылған сүтті шай ішіп, қазір шалқып жүрмін. Қысқасы айтқанға көніп, айдауға жүрмейтін қасқыр едім, қазір пони жылқылары сияқты саябақ, ЦИРК-тің бәрінде өнер көрсетемін-десе әділетті болар еді Ринат батыр.

 А так өзінің басындағы боқты көрмей, біреудің басындағы шоқты үрлеген дұрыс емес қой" деп жазды Диас Нұрақын.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар