Полковник "Рыжий Алмаз" туралы жұрт білмейтін құпияны айтты

Полковник "Рыжий Алмаз" туралы жұрт білмейтін құпияны айтты

90-шы жылдары қылмыс әлемінің серкелерін құрықтаған арнайы жасақ қызметкері, отставкадағы полиция полковнигі Дәулет Темірханов «Qazaq Uni» YouTube арнасына берген сұхбатында сол кездегі қауіпті операциялардың қалай жүзеге асқанын баяндап берді деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Kerekemes.kz.-ке сілтеме жасап. 

 Қазақстан Республикасындағы Арнайы мақсаттағы бөлімнің негізін қалаушы, Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері әрі қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Дәулет Темірхановтың айтуынша, ол кездегі Рыжий Алмаз, Адай тобы, Киса және Атаба секілді ұйымдасқан қылмыстық топтар өте қауіпті болған.

Соларға қарсы күресу үшін 1993 жылы Алматы қаласында арнайы мақсаттағы алғашқы бөлім құрылды.

Сол тұста құқық қорғау органдары қару-жарақ пен көлік жағынан қылмыскерлерден айтарлықтай қалыс қалған.

Рэкеттер Mercedes пен BMW секілді жүйрік шетелдік көліктермен және спутниктік байланыспен жабдықталса, арнайы жасақ сарбаздары Жигули мен Уазиктерді мініп, бірде істеп, бірде істемейтін радиобайланысты пайдалануға мәжбүр болған.

Осындай қиындықтарға қарамастан, сарбаздар өз антына адал болды. Мәселен, 1994 жылы Киса лақап атымен танымал Қайрат Мысықбаевты ұстау кезінде, ол босату үшін 200 мың теңге пара ұсынса да, жасақ қызметкерлері оған көнбеген.

Дәулет Темірханов Рыжий Алмазды (Несипбай Насенов ) ұстау операциясының жай-жапсарын да ерекше атап өтті. 1994 жылы Алматының орталығындағы үйіне басып кіргенде, ол ешқандай қарсылық көрсетпеген.

Рыжий Алмаз өзін ақылды, дипломат әрі психолог ретінде ұстап, тіпті үйінде қара пантера асыраған. Оның үйінен құжаттары түгел мылтықтар тізіліп табылған.

Бүгінде кейбір адамдар оны «халық батыры» ретінде көрсетуге тырысқанымен, ол негізінен өз кәсібін кавказдық топтардан қорғаймын деп рэкет жолына түскен тұлға болған. 

Барлық жаңалықтар