Премьер-Министр Бектенов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Баталовқа ескерту жасады

Премьер-Министр Бектенов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Баталовқа ескерту жасады

Бүгін Премьер-Министр Бектенов Қазақстандық тауар өндірушілердің реестріне байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Баталовқа ескерту жасады.

"Өздеріңіз айтқандай, ешкім ештеңені құпия ұстамайды. Керісінше, барынша ашық жұмыс істейміз. Бұл реестрге шын мәнінде нақты өндірушілер кіруі керек. Өкінішке қарай, қазіргі таңда жүйе сондай — индустриялық сертификаттар мен СТ-KZ сертификаттары, соның ішінде жалған өндірушілерге де беріліп жатыр. Бұл, өкінішке қарай, «Атамекен» палатасына да қатысты. Сондықтан бұл жүйені бірлесе жетілдіруіміз қажет", – деді Үкімет басшысы.

Баталов бұл ескертуді үнсіз тыңдап, басын изеп келісті.

Айта кетейік, СТ-KZ сертификаты – тауардың Қазақстанда өндірілгенін растайды және бұл құжат мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығын береді.

Барлық жаңалықтар