"Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек», — деп тапсырды ол.
Олжас Бектеновтің айтуынша, құжатты дайындау кезінде әкімшілендіруді толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеу қажет.
Жалпы Премьер-Министр бизнеске фискалдық шығындар мен әкімшілік жүктемелерден қорықпай, «өсу» қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Үкімет басшысы өнеркәсіптік дамуға жаңа серпін беру үшін бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуді тапсырды.«
Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынулары керек», — деді Олжас Бектенов.
Бұл ретте Премьер-Министр отандық өнеркәсіп саласындағы алпауыт кәсіпорындар қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды түбегейлі арттыруы тиіс екенін атап өтті. Олармен тиісті келісімдер жасалмақ.
Құрылыс саласының түйткілді мәселелерін талқылай отырып, Премьер-Министр отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті.
«Барлық сметалық құжаттарға қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуі тиіс. Сондай-ақ сметалық құжаттамаларға материалдар мен жұмыстардың құнын орынсыз жоғарылатып жіберуге қатысты тексеру жүргізіңіздер. Сметалардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек», — деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл 700 МВт-тан астам қосымша генерацияны іске қосу қажет. Олжас Бектенов тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытындылар жасалатынын атап өтті.
Су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты Премьер-Министр жауапты министрлікке экономика салаларында суды ұтымды тұтыну жөніндегі шаралар кешенін дайындауды, сондай-ақ су пайдалану мәдениетін енгізу жөніндегі жұмыстарды пысықтауды тапсырды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға қатысты Үкімет басшысы бір ай мерзімде жеке инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді талап етті.«
Ұсыныстар – бұл жалпылама көзқарастарды ғана емес, әлеуетті инвесторлары мен іске асыру мерзімдері бар нақты жобаларды білдіреді», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Әлеуметтік блок мәселелеріне тоқталған Олжас Бектенов ең алдымен МӘМС жүйесін реформалау қажеттігіне назар аударды.«
МӘМС жүйесі елеулі қайта форматтауды қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді», — деді Премьер-Министр.«
Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Бізге өсу қарқынын тиімді ұлғайту, экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу, инвестиция тарту және барлық міндеттерді шешу үшін жеткілікті өкілеттіктер берілді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, формализм мен бюрократиялық сарсаңға салуды толығымен жоя отырып, стереотиптерден арылу қажет.«
Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуге тиіс, салалық мәселелерді өз деңгейінде жедел шешулері қажет. Жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс», — деп қорытындылады сөзін Премьер-Министр.
Премьер-Министр бірқатар тапсырма жүктеді

-
Айнұр Тұрсынбаева жұрт білмейтін шындығын айтып, ағынан жарылды16:00, 20 қыркүйек 2026
128
-
73 жастағы мұғалім сыныпта, жас маман есік сыртында: Мектептегі орынды кім босатуы керек?15:00, 20 қыркүйек 2026
1144
-
"Сәрсен Құранбек білім саласынан шеттетілсін!" деген педагогтар шулы мәлімдеме жасады14:00, 20 қыркүйек 2026
1077
-
"Қарғысқа ұшырайсың": Желідегі мешіт, медресе үшін садақа сұраушылар жұртты мезі етті13:00, 20 қыркүйек 2026
113
-
Тұрақсыз әлем жағдайындағы жаңа қоғамдық этика және өскелең ұрпақ тәрбиесі12:33, 20 қыркүйек 2026
156
-
"Өзімді өзім тани алмадым...": Анна Данченко жазбасымен жұртты жылатты12:00, 20 қыркүйек 2026
116
-
Тұрсын Алагөзовтің экс-әйелі шулы мәлімдеме жасады11:00, 20 қыркүйек 2026
887
-
«Мені анамның інісі зорлады...»: Айгүл Иманбаева ауыр тақырыпты сөз етті17:00, 19 қыркүйек 2026
1221
-
Тұрсын Алагөзов пен бұрынғы әйелі ауыр сөздермен айтысып қалды(ВИДЕО)16:00, 19 қыркүйек 2026
1410
-
Зекетке түскен ақшаларды қалтасына басқа имамның сұмдық тірліктері әшкере болды15:00, 19 қыркүйек 2026
218
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11585
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7646
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7470
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
7085
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6337
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
6138
-
"Мейрамбекпен іштім, Қайраттың інісімен болдым" деген Жузи талайдың артын ашып жатыр
19:35, 13 маусым 2026
5752
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5375