Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту мәселесін көтерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту мәселесін көтерді

Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшылығының Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарының қарқыны туралы есебін тыңдады деп хабарлайды Democrat. kz. 

Жұмыстың аяқталу мерзімінің бұзылуына жол бермеуге баса назар аударылды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту мәселесін көтерді.

«Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Маған жұмыс қарқыны төмендеп кетті деген ақпарат түсті»,


— деді Олжас Бектенов. 

«Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов аталған жобалардың жүзеге асырылуы ерекше бақылауда екенін баяндады. Оның айтуынша, мердігер ұйымға жұмыстарды күшейтіп, құрылыс алаңдарында үш ауысымды жұмыс кестесін енгізу тапсырылған. Жуырда нысандарда 1,5 мың жұмысшы тартылып, негізгі жабдықтар жеткізілген.

«Роман Васильевич, іс басына барып тексеріңіз, сосын нәтижесін баяндаңыз. Объективті ақпарат керек»,


— деп тапсырды Олжас Бектенов.

Барлық жаңалықтар