"Қабіріне ағып тұр..." деген "бұт уқалатқыш" имам тағы сынға ұшырады

"Қабіріне ағып тұр..." деген  "бұт уқалатқыш" имам тағы сынға ұшырады

Әлеуметтік желіде Абдужаппар Смановтың арнау сөздерге толы видеосы жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.

"Қайрат Сатыбалдыдай, Саматтай артында ұлдар қалған Сатыбалдының арманы жоқ, бауырлар! Қабіріне өз перзенттері жасаған бар жақсы амалдары қабіріне оның ағып тұр.

Сіздер де осылай миллиондаған долларларыңызды сарп қылып салыңыздар да, әкелеріңіздің атын беріңіздер. Туғанды ұлдан не пайда, атаның жолын қумаса дейді. Өліп қалған атаның рухын көтермеген соң, туған ұлдан не пайда.

Қайрат Сатыбалдымен он бес жылдан бері бірге жұмыс істеймін. Оның барлық игі істерін білемін" деген Смановтың не айтқысы келгенін көзі ашық кісі анық түсінді деп сенеміз. 

Смановтың бұл видеосы қызу талқыға түсті. "Қайрат бұдан кіші емес пе, ақша берсе, болды, аға бола бере ме?", "артқа кіргенді өлтіреді бұлар", "актер болатын адам ғой", "бұлардың пиғылы белгілі ғой", "қай әкесінің байлығына салыпты мешітті" деген сыңайда жұрт пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар