«Қазақмыс» кардиохирургияны дамытуға 447 млн теңге бөлді

«Қазақмыс» кардиохирургияны дамытуға 447 млн теңге бөлді

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы Жезқазған медициналық орталығында кардиохирургиялық көмекті дамыту үшін биыл 447 миллион теңге бөлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz.

Биылғы 5-7 наурыз аралығында аталған ауруханада жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр дерттеріне шалдыққан науқастарға University Medical Center мамандарымен бірлескен күрделі операциялар жасалды.

Бұл бастама жергілікті денсаулық сақтау басқармасы мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолдауымен жүзеге асып, тұрғындарға ірі республикалық клиникаларға сабылмай-ақ жергілікті жерде жоғары мамандандырылған ем алуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда орталықта 16 аортокоронарлық шунттау операциясы жасалды. Медициналық көмектің бұл түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетіндіктен, облыс тұрғындары үшін толықтай тегін жүргізіледі.

Осындай жоғары технологиялық қызметтің өңірде қолжетімді болуы қан айналымы ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтуға және жергілікті ірі өнеркәсіп орындары жұмысшыларының медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Оған қоса бөлінген қаржы Жезқазған медициналық орталығының облыстық кардиологиялық орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып, аймақтың жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға негіз болмақ.

Барлық жаңалықтар