Қазақстан $25,5 млрд шетелдік инвестиция тартуға бағытталған: әрбір министр мен әкімнің алдына инвестиция тарту бойынша нақты индикаторлар қойылған

Қазақстан $25,5 млрд шетелдік инвестиция тартуға бағытталған: әрбір министр мен әкімнің алдына инвестиция тарту бойынша нақты индикаторлар қойылған

Парламент Палаталарының бірлескен отырысында берілген Президент тапсырмалары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнесті қолдау бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен институттардың алдына міндет қойды деп жазады Democrat.kz.

«Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту және экономиканың басым секторларында қосылған құнды арттыратын серпінді жобаларды іске асыру міндетін белгіледі.

Осы тұрғыда әрбір министр мен әкімнің алдына инвестициялар тарту бойынша нақты индикаторлар мен міндеттер қойылғанын атап өтемін. Биыл $25,5 млрд шетелдік инвестиция және негізгі капиталға 31,5 трлн теңге инвестиция тартуымыз керек», 

— деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сыртқы істер министрлігіне жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп, барлық жобаға қолдау көрсету және инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау жұмыстарын жүйеге келтіруі қажет.

 

Барлық жаңалықтар