Қазақстан мен Германия $2 млрд-қа 30-дан астам коммерциялық келісім жасасты

Қазақстан мен Германия $2 млрд-қа 30-дан астам коммерциялық келісім жасасты

Қазақстан мен Германия Берлиндегі келіссөздердің қорытындысында жалпы сомасы шамамен 2 млрд доллар болатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойды. Екі елдің бірлескен өнеркәсіптік жобалар портфелі қазір шамамен 54 млрд долларға бағаланады, деп жазады Democrat.kz.

Келісімдердің жасалғанын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуден кейін хабарлады.

Президенттің айтуынша, жаңа коммерциялық құжаттарды тиімді жүзеге асыру екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі күшейтеді.

Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі саналады.

2025 жылы екіжақты тауар айналымы шамамен 4,5 млрд долларға жеткен.

Соңғы 21 жылда Қазақстан экономикасына келген герман инвестициясының жиынтық көлемі шамамен 8 млрд доллар болған.

Қазақстан мен Германияның қазіргі бірлескен портфелінде жалпы құны шамамен 54 млрд доллар болатын 40 өнеркәсіптік жоба бар.

Тараптар стратегиялық шикізат, машина жасау, көлік, цифрландыру, ғылым және технология бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. 

Барлық жаңалықтар