Украинаға түнде 190-ға жуық дрон мен баллистикалық зымыран ұшырылды

Украинаға түнде 190-ға жуық дрон мен баллистикалық зымыран ұшырылды

30 қыркүйекке қараған түні Украинаға ауқымды аралас шабуыл жасалып, Киев пен Киев облысының энергетикалық инфрақұрылымы негізгі нысанға айналды. Украина билігінің мәліметінше, бес адам қаза тауып, олардың арасында бала да бар, деп жазады Democrat.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский түнгі шабуыл кезінде 190-ға жуық соққы дроны және баллистикалық зымырандар қолданылғанын хабарлады.

Негізгі соққы Киев пен Киев облысының энергетикалық нысандарына бағытталған.

Reuters мәліметінше, шабуыл салдарынан бес бейбіт тұрғын қаза тапқан. Олардың бірі — бала. Бірқатар тұрғын үй мен инфрақұрылым нысаны зақымданған.

Украина билігі бұл энергетикалық инфрақұрылымға өткен жылыту маусымы аяқталғаннан бергі ең ірі аралас шабуыл болғанын мәлімдеді.

Украина әуе қорғанысы бес зымыран мен 155 дронды атып түсіргенін хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі өз кезегінде соққылардың әскери мақсатта пайдаланылатын байланыс орталығына, энергетикалық нысандар мен Измаил портындағы инфрақұрылымға бағытталғанын мәлімдеді.

Киевтің бірқатар ауданында электрмен жабдықтау бұзылып, жөндеу бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. DTEK шамамен сегіз мың үйге электр қуатын қайта бергенін хабарлады. 

Барлық жаңалықтар