Қазақстан мен Оңтүстік Корея 12 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Оңтүстік Корея 12 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттерінің келіссөздері қорытындысында екі ел жаңа стратегиялық жобаларды қамтитын 12 құжатқа қол қойды. Келісімдер өнеркәсіп, логистика, технология және басқа да салаларды қамтиды, деп жазады Democrat.kz.

15 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті.

Тараптар саяси және экономикалық серіктестікті кеңейтуге уағдаласты.

Құжаттар арасында мемлекеттік органдар мен компаниялар арасындағы ынтымақтастық келісімдері бар.

Қазақстан Корея капиталын инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі, цифрландыру, жасанды интеллект, энергетика және көлік саласына тартуға мүдделі.

Тоқаев екі ел арасындағы сауда көлемін алдағы жылдары екі есеге арттыруға мүмкіндік бар екенін айтты.

Корея Қазақстан үшін Азиядағы ірі инвестициялық серіктестердің бірі болып қала береді. 

Барлық жаңалықтар