Әлеуметтік желіде өзін жас блогер ретінде танытқан элиталық мектеп оқушысының видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеода оған «Қазақ хандығы қашан құрылды?» деген қарапайым сұрақ қойылған. Алайда оқушы сұраққа жауап бере алмай, «Бізде Қазақстан тарихы жоқ», деп пікір айтқан.
Бұл видео желі қолданушылары арасында үлкен пікірталас тудырды. Көпшілік «ел тарихын білмеу — білім жүйесінің әлсіздігі ме, әлде баланың жеке немқұрайлылығы ма?» деген сауал көтерді.
Кейбірі халықаралық және жекеменшік мектептерде ұлттық құндылықтарға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін сынға алды.