Қазақстанда бағасы 4325 теңгеге дейінгі 1200-ден астам дәрі мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығарылады. Бағасы бақыланатын препараттар саны 3039-дан 1827-ге дейін қысқарды, деп жазады Democrat.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын реттеу тәртібіне өзгеріс енгізді.
Енді құны бір АЕК-тен, яғни 4325 теңгеден аспайтын бірқатар препараттың бағасы мемлекет тарапынан тікелей реттелмейді.
Нәтижесінде баға бақылауындағы дәрілер саны 3039 позициядан 1827-ге дейін азайды. 1200-ден астам препарат нарықтық баға қалыптастыру механизміне көшеді.
Министрлік бұл қадам дәріхана нарығындағы бәсекені арттырып, дәрілердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Сонымен бірге өзгеріс арзан препараттардың бағасы автоматты түрде қымбаттайды дегенді білдірмейді. Олардың құны сұраныс, ұсыныс және дәріханалар арасындағы бәсекеге байланысты қалыптасады.