Қазақстанда халық саны 20,6 миллионнан асты

Қазақстанда халық саны 20,6 миллионнан асты

Қазақстан халқы 20 618 796 адамға жетті. Бір айдың ішінде ел тұрғындарының саны шамамен 14 мың адамға көбейген, ал Алматы 2,38 млн тұрғынымен елдегі ең ірі қала болып қала берді, деп жазады Democrat.kz.

Ұлттық статистика бюросы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халық санының жаңартылған деректерін жариялады.

Қазақстанда 20 618 796 адам тұрады.

Бір ай бұрын халық саны 20 604 819 болған. Осылайша бір айдағы таза өсім 13 977 адамды құрады.

Елдегі әйелдер саны — 10 538 824, ерлер саны — 10 079 972.

Қала тұрғындарының саны 13,2 млн-нан асса, ауылдық жерде 7,38 млн адам тұрады.

Ең ірі қала — Алматы. Ондағы халық саны 2 387 896 адамға жеткен.

Астанада 1 700 385, Шымкентте 1 316 888 адам тұрады.

Облыстар арасында халық саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр — 2,14 млн-нан астам адам. 

Барлық жаңалықтар