Қазақстанда жетім балаларға бөлінетін тұрғын үй үлесі өзгереді

Қазақстанда жетім балаларға бөлінетін тұрғын үй үлесі өзгереді

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үйді бөлу тәртібіне қатысты жаңа тәсіл енгізілуде. Жетім балалар үшін тұрғын үйдің кемінде 20 пайызы, ал әлеуметтік осал санаттарға 50 пайызы қарастырылмақ, деп жазады Democrat.kz⁠.

Үкіметтің 24 тамыздағы мәліметінде тұрғын үйді әлеуметтік санаттар арасында бөлу жүйесін жаңарту мәселесі айтылды.

Жаңа тәртіп бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорының белгілі бір үлесін бөлу көзделеді.

Оларға арналған квота 20 пайыз көлемінде белгіленбек.

Ал әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілетін тұрғын үй үлесі 50 пайызға дейін жетеді.

Мұндай жүйе тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, мемлекеттік қолдауды ең мұқтаж санаттарға бағыттауға арналған. 

Барлық жаңалықтар