Қазақстанда сенімсіз құрылыс компанияларының «қара тізімі» пайда болды

Қазақстанда сенімсіз құрылыс компанияларының «қара тізімі» пайда болды

Қазақстанда проблемалық тұрғын үй нысандарын салған құрылыс компаниялары туралы арнайы реестр іске қосылды. Азаматтар баспана сатып алар алдында құрылыс салушының сенімділігін тексере алады, деп жазады Democrat.kz.

15 қыркүйекте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жаңа реестр туралы хабарлады.

Тізімге құрылысы аяқталмаған немесе міндеттемелері орындалмаған проблемалық нысандармен байланысты компаниялар енгізіледі.

Мұндай реестрдің негізгі мақсаты — үлескерлерге құрылыс салушыны алдын ала тексеруге мүмкіндік беру.

Қазақстанда салынып жатқан үйден пәтер сатып алу кезінде азаматтар құрылыс компаниясының рұқсат құжаттарына және үлескерлердің ақшасын тартуға заңды құқығы бар-жоғына ерекше назар аударуы керек.

Жаңа тізім сатып алушылар үшін қосымша тексеру құралы болады.

Бұл әсіресе салынып жатқан тұрғын үйге бірнеше миллион теңге салатын азаматтардың тәуекелін азайту үшін маңызды. 

Барлық жаңалықтар