Қоғам белсендісі Нұргүл Мұхамед "Мемлекетте ұлттық мүдде бар ма, әлде бәрін діншіл топтар басқарып отыр ма?" деген сауал тастап, қоғам назарына ұсынды деп жазады Democrat.kz.
"Мемлекетте ұлттық мүдде бар ма, әлде бәрін діншіл топтар басқарып отыр ма?
Қараңыздаршы, мына әділетсіздікке:
Алика Мұхамедиева:
«Мұсылмандар – шошқалар, қазақтар – калбит» – деп айтқаны үшін бірден изоляторға қамалды. Дұрыс, ол да жауапқа тартылсын.
Бірақ Әйгерім Болыспаева ше?
Ол ашық түрде:
"Жеті шелпекпен кө...і сүрттім" – деп, қазақтың қасиетті салтын қорлады. Бұл сөзін TikTok-та үш рет қайталады.
Ұлт жанашыры Әсел Таухан:
– 5 рет сотқа арыз берді,
– Соңғысында Мәдениет министрлігін де сотқа тартты,
– Министрлік бастапқыда "қылмыс бар" деді, кейін Әселмен медиациялық келісімге келіп құтылды.
Ал екі жарым ай болды – осы іске жауапты шенеунік Мейірбек Әмірбекұлы (Мәдениет министрлігі) еш әрекет жасамай отыр. WhatsApp-та да жауап жоқ!
Сұрақ:
– Неге мұсылмандарға тіл тигізген адамды дереу ұстайды, ал қазақтың ұлттық құндылығын қорлаған адамды қорғап отыр?
– Бұл жерде заң бәріне бірдей ме, әлде билікте отырған діншілдер ұлттық мүддені аяққа таптап отыр ма?
– Қазақ дәстүрін мазақ еткен адам жаза алмайтын болса, ертең қазақ кімге керек?
Біз ұлт ретінде үнсіз қала береміз бе?
Әрбір қазақтың намысы оянатын уақыт келді!
Пікіріңді қалдыр! Қалай ойлайсың – Қазақстанда ұлттық құндылық діннен төмен тұр ма?" деп жазды Нұргүл Мұхамед.