Қазақстанда валюталық депозиттердің пайызы 2,5%-ға дейін өсуі мүмкін

Қазақстанда валюталық депозиттердің пайызы 2,5%-ға дейін өсуі мүмкін

 қазаннан бастап Қазақстанда ұзақ мерзімді валюталық жинақ депозиттері бойынша шекті мөлшерлеме 1 пайыздан 2,5 пайызға дейін көтерілді. Ұлттық банк жаңа ұсыныстар банктерде қазан айының соңына дейін пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.

Өзгеріс 12 айдан ұзақ мерзімге ашылатын валюталық жинақ депозиттеріне қатысты.

Жаңа шекті мөлшерлеме 1 қазаннан кейін ашылған немесе мерзімі ұзартылған салымдарға қолданылады. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің айтуынша, коммерциялық банктер қазір жаңа мүмкіндікті бағалап жатыр. Нақты ұсыныстар қазан айының соңына дейін нарықта пайда болуы ықтимал.

Дегенмен банктерге мөлшерлемені міндетті түрде көтеру талабы қойылмайды. Әр банк салым сомасы, төмендетілмейтін қалдық және басқа шарттарды өзі белгілейді.

Ұлттық банк бұл өзгеріс теңгелік депозиттерге қызығушылықты айтарлықтай төмендетеді деп күтпейді.

Реттеуші азаматтарға жинақты негізінен күнделікті шығын жасайтын валютада сақтауға кеңес береді. Ал валюталық депозит шетелде оқу немесе басқа ірі валюталық шығын жоспарлаған адамдар үшін пайдалы болуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар