Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңгеден астам ақша қайтарылады

Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңгеден астам ақша қайтарылады

Қазақстанда 2025–2026 жылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу есептегіші жоқ тұтынушыларға төлем қайта есептелді. Жалпы қайтарылатын сома ҚҚС-пен бірге 1,217 млрд теңгеден асты, деп жазады Democrat.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылыту маусымындағы нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылу энергиясының құнын қайта есептеген.

Қайта есептеу жеке жылу есептегіші жоқ тұтынушыларға қатысты. Артық төленген қаражат жеке шотта аванс немесе оң сальдо ретінде көрсетіледі.

Ең ірі сома Астана тұрғындарына тиесілі — 460,67 млн теңге. Шығыс Қазақстан облысында 298,56 млн, Маңғыстау облысында 161,6 млн теңге қайта есептелді. Алматы тұрғындарына 57,77 млн теңге қайтарылады.

Қызылорда облысында қайта есептеу көлемі 42,21 млн, Шымкентте 38,5 млн, Павлодар облысында 29,11 млн теңгені құрады.

Комитет мәліметінше, қайта есептеудің жалпы сомасы 1 217,02 млн теңгеге жеткен. 

Барлық жаңалықтар