Танымал журналист Дана Нұржігіт қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешованың Майя Бекбаеваға берген сұхбатында айтқан мәселеге қатысты пікір білдірді, деп жазады Democrat. kz.
«Меруерт Өтекешованың сұхбатын көріп, жүрегім қарс айырылды. Интеллигенция туралы айтқанда дәл осындай адамдарды меңзеймін. Сұлу келбет, нәзік болмысымен қатар, Алла оған үлкен сынақ та берген екен. Оның қарапайым өмір сүріп жүргенін сезетінмін, бірақ Астанада пәтер жалдап тұратынын естігенде таңғалдым. Бұл – ақылға сыймайтын әділетсіздік.
Горбачевтың заманында қор ашып, бір тиынын шашпай, “Қыз Жібек” фильмін Мәскеудегі архивтен қайта жаздырып, елге жеткізген ерлігін айтсаңызшы. Бұл – үлкен еңбек», дейді Дана Нұржігіт.
Бұдан бөлек, тележүргізуші актрисаның елордада Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қою туралы бастамасын да жоғары бағалады.
«Ең үлкен құрмет – Қыз Жібегіміздің жағдайын жасап, оған лайықты өмір сыйлау. Бұл буын ешқашан қол жаймайды, барға қанағат етіп, жоққа шүкір дейді», дейді журналист.