"Қирап жатырмыз": Ырысбала Икрамбай маңызды мәлімдеме жасады

"Қирап жатырмыз": Ырысбала Икрамбай маңызды мәлімдеме жасады

Блогер Ырысбала Икрамбайдың жұрттан қайырымдылыққа жинаған ақшасына қатысты шу қайта басталғаны мәлім. Диана атты блогермен соттасып жатқан Ырысбала Икрамбай туралы нумеролог Ирина Раззах та біраз мәлімет беріп, бұл мәселе қайта талқыға түсті. Осыған қатысты Ырысбала Икрамбай мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Жұрттың қайырымдылыққа берген ақшасын өз есепшотына аудартып отырған" деген сөз шығып, осыған байланысты Диана есімді блогер тексеруді талап етіп, ақырында шулы мәселеге қатысты сот болып жатқаны белгілі. Қазір Ырысбала Икрамбай блогер Диананы сотқа беріп, процесс жүріп жатыр. 

Сот процесінде Ырысбала Икрамбайдың банктік есепшотының көшірмесі да жарияға шықты. Бұл туралы Ирина Раззах та сөз етті. 

Өзі туралы айтылып жатқан сұмдықтарға қатысты Ырысбала Икрамбай: "Бұрын мен туралы айтылған жаман сөздерге жаным шығып, жүйкемді жұқартып, жаман болатынмын. Ал қазір, маған бәрібір. 

Біраз ауырып, мазам болмай қалды. Ыстық күнде ыстығым шығып, ауырып қалдым. Бес бал туып, қирап қалдым",- деді. 

Барлық жаңалықтар