ҚМДБ құрбан айтқа байланысты маңызды мәлімдеме жасады

ҚМДБ құрбан айтқа байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы сайтты іске қосты деп хабарлайды Democrat.kz.

ҚМДБ мәліметінше, халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын тұрғындарға қолайлы болуы үшін биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта жүргізіледі. Бұл үшін арнайы сайт іске қосылған.

“Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз”, – делінген басқарма хабарламасында.

Діни басқарма онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алатынын атап өтті.

“Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және видео есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі”, – делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар