Ұлттық банк Қазақстандағы BNPL және дүкендердің бөліп төлеу жүйелерін қатаңырақ реттеуді ұсынып отыр. Болашақта кейбір рассрочкалар қаржылық қызмет ретінде танылып, азаматтың кредит тарихына енгізілуі мүмкін, деп жазады Democrat.kz.
Ұлттық банк 9 қыркүйекте рассрочка және BNPL — «қазір сатып ал, кейін төле» нарығына арналған талқылау құжатын жариялады.
Қазір банктік рассрочкалармен қатар дүкендердің тікелей бөліп төлеуі, арнайы BNPL-сервистер және кейін сатып алу құқығымен жалға беру сияқты схемалар кең тараған.
Мәселе — мұндай міндеттемелердің бәрі бірдей азаматтың кредит тарихында көрінбейді. Нәтижесінде бір адам бірнеше жерден бөліп төлеуге тауар алып, оның нақты борыштық жүктемесі банктер үшін толық көрінбеуі мүмкін.
Ұлттық банк мұндай өнімдердің бір бөлігін қаржылық қызмет ретінде қарастыру, олар туралы мәліметті кредиттік бюроларға беру және клиенттерді қорғау талаптарын енгізу мүмкіндігін талқылауға ұсынды.
Автокөлік пен тұрғын үйді рассрочкаға сатып алуда да тәуекелдер бар. Реттеуші жасырын төлемдер, келісім бұзылған жағдайда ақшаның толық қайтарылмауы және соңғы төлемге дейін мүліктің сатып алушы атына өтпеуі сияқты мәселелерді атады.
Әзірге бұл — қабылданған заң емес, қоғамдық және нарықтық талқылауға ұсынылған нұсқа.