Ресейде коронавирустың жаңа штамы өте жылдам таралуда

Ресейде коронавирустың жаңа штамы өте жылдам таралуда

Көршілес Ресейде XFG коронавирусының жаңа штаммымен ("Стратус") аурудың күрт өсуі байқалуда деп хабарлайды Democrat.kz.

 Науқастар 39 °C дене қызуына, иіс сезудің жоғалуына және қатты ауырсынуға шағымдануда.

Бірақ мутацияның басты қорқынышты ерекшелігі-мұрын мен тамақ шырышты қабығының қатты ісінуі.

Бұл өткір аллергиялық реакцияға ұқсас және әдеттегі анальгетиктермен немесе вирусқа қарсы препараттарға бой бере қоймайтын дер екен.

Ресей Федерациясының бірнеше аймақтарында, соның ішінде Самара мен Саратов облыстарында жұқтырғандар санының 8-ден 27% - ға дейін өсуі байқалады.

Ресейлік Роспотребнадзор әзірге елдегі жалпы жағдайды "тұрақты" деп атағанымен, қазақстандықтар көршілеріне іскерлік немесе жеке сапарлар алдында сақтық шараларын есте ұстауы керек екенін ескертті. 

Барлық жаңалықтар