Ресейдің Қорған облысында су тасқыны қаупі әлі бар

Ресейдің Қорған облысында су тасқыны қаупі әлі бар
Тобыл өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр Қорған облысында Тобыл өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. Мамандар 14-15 сәуірге таман жағдай ушығатынын болжап отыр. Қазірдің өзінде бірнеше елді мекенді су басқан. 6 мың адам эвакуацияланған. Жергілікті шаруалар биыл шаш етектен шығынға батуымыз мүмкін деп алаңдаулы. Су басқан өңірлерде А гепатитіне қарсы вакциналау жүріп жатыр. Ол үшін облысқа екпенің 27 мың дозасы жеткізілген. Қазір Қорған қаласының маңында дамба нығайтылып жатыр. Онымен айналысып жатқандарды жергілікті қоғамдық тамақтану орындары тегін ас-ауқатпен қамтамасыз етіп отыр. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар