Алматыға келген ресейлік әйел ХҚКО мен банкке барғаннан кейін эмоционалды видео жариялап, ренішін жеткізді деп жазады Democrat.kz.
Кадрларда ресейлік қыз банк картасын тез рәсімдей алмайтындығына шағымданады, ал қызметкерлер одан ең алдымен ЖСН алуды талап еткен. Оның айтуынша, ол екінші күні де мекемелер арасында "допша домалаған".
Бірақ әлеуметтік желілердің назарын бюрократияға шағымдар емес, оның сөздері аударды:
"Мен өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезінемін" деген ресейлік қыз сөзінің арасында боғауыз сөздер де қолданған.
Айта кету керек, шетелдіктер үшін ЖСН алу Қазақстанда бірқатар қызметтерді ресімдеу үшін міндетті рәсім болып табылады.