Ринат Зайытов: Дәл "ҚазБілім" мектебін біреу жапқысы келетін сияқты

Ринат Зайытов: Дәл "ҚазБілім" мектебін біреу жапқысы келетін сияқты

"QasqaJol" YouTube арнасына сұхбат берген Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов білім саласындағы проблемаларды айтты. Соның ішінде "QazBilim" мектептерінің жабылуына қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Мәжіліс депутаты "QazBilim" мектептерінің айналасында болып жатқан дауға алаңдайтынын білдіріп: "Аятжан Ахметжанның мектептеріне қатысты Оқу ағарту министрлігіне қатысты сұрақ қойдым. 

Бұл жердегі мәселе, жабылып жатқан мектепте емес, ең басты мәселе мектепсіз қалған оқушылар емес пе? Қандай жағдай болса да, білім аламын деп, оның ішінде ұлттық білім аламын деген мақсатпен балалар сол мектепке барды ғой?!

Ал енді ол мектеп жабылса, балалардан обал емес пе? Министрліктің айтқан сылтауы "ол жерде түсініспеушіліктер бар" деген еді. 

Жақсы, солай болсын. Алайда мыңдаған баланың мектебін жауып тастап, балаға "күл болмасаң, бүл бол, өлмесең, өмірем қап" деуге қақың жоқ деп ойлаймын. 

Жеке пайымым, ешкімнің ол мектептерге көмектескісі келмей отырған сияқты. Түпкі мақсат осы мектептерді жабу сияқты көрінеді маған. 

Мүмкін, Аятжанның өзі біреуге жақпай қалған шығар, ол жағын нақты білмеймін. Бәлкім, қаржылай проблемалары бар шығар. Солай болса да, басшылығын ауыстырып, балалардың оқуын жалғастыруына мүмкіндік беру керек емес пе?" деген депутат өз күмәнін жасырмады. 

 

Барлық жаңалықтар