Рүстем Жүгінісов қауіпті діни ағымның жетегінде жүр ме?

Рүстем Жүгінісов қауіпті діни ағымның жетегінде жүр ме?

Белгілі теолог Рустем Жүгінісовтің ағымға кіріп кеткенін айтты деп жазады Democrat.kz.

Дінтанушы Асқар Сабдин өнерден дінге бет бұрған әншінің даулы көзқарастарына қатысты өз пікірін білдірді.

Сабдиннің айтуынша, Рүстем Жүгінісов бұған дейін заңсыз діни қызмет атқарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Яғни, арнайы білімі болмаса да діни мазмұндағы ақпарат таратқан.

Сондай-ақ, Асқар Сабдин экс-әншінің қай діни бағытқа жақын екенін де атап өтті. Оның айтуынша, Рүстем Жүгінісовтің көзқарасы салафизмнің ішіндегі мадхализм деп аталатын ағымға ұқсайды.

Мадхализм – салафизмнің әлемде белсенді таралған бағыты. Олардың басты ерекшелігі – «билікке қарсы шығуға болмайды» деген ұстанымда.

Десе де бұл бағыт сырт көзге бейбіт, билікке адал көрінгенмен, кейбір кездері осы ағым өкілдері қарулы қақтығыстарға қатысып жүр.

Оның сөзінше, Қазақстанда мадхализмді ұстанатын шамамен 20 мың адам бар.

 

Барлық жаңалықтар