Әлеуметтік желіде марқұм, ел ішінде лақап аты"Рыжий Алмаз", Несіпбай Нәсеновтің қызы туралы тараған ақпарат қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісін қолданушы "Рыжий Алмаздың" қызы қазір АҚШ, Майами штатында тұратынын, жасы 31-де екенін айтып, фотолар жариялады.
Желі қолданушылардың бұл ақпаратқа қатысты пікірлері түрліше болды.
"Бұрынғы бандиттің қызының бізге керегі бар ма?", "әкесінен қалған ақшаға өмір сүріп жатыр ма екен, әлде?", "қызы әкесіне қатты ұқсайды екен", "Ситорадан туған қызы ма?", "Украин әйелінің қызы ма?", "әдемі қыз екен" дегенге саятын пікір жазуда жұрт.

