Сәкен Майғазиев ел алдында кімге ғашық екенін мойындап, дәлелдеді

Сәкен Майғазиев ел алдында кімге ғашық екенін мойындап, дәлелдеді

Әнші Сәкен Майғазиев Алматыда өткен концерттерінің бірінде жиналған қауымның алдында кімді сүйетінін дәлелдейтін шартты орындады деп жазады Democrat.kz.

Концерт барысында әнші Сәкен Майғазиев кім адал жарын шын сүйсе, ортаға биге шықсын немесе әйелінің қолынан ұстап отырсын деп шарт қойды.

Сол шартын өзі орындаған әнші: "АЛЛАға шүкір, бүгінгі екі концертіміз де сіздердің арқаларыңызда ғажап болды, алматылықтар мен қала қонақтары! 

Ал, биге келетін болсақ, "Кім адал жарын шын сүйсе, сол бір бірін биге шақырсын немесе қолынан ұстап отырсын", - деп өзім айтқан едім, сүйетінімді дәлелдейін деп жүрегімнің ішіндегі жүрегімді биге шақырдым", деп өзінің ыстық сезімін жұрт алдында тағы бір дәлелдеді. 

Барлық жаңалықтар