"Сәләфилерден құтқарыңдаршы!" деген қазақ қызы шырылдап көмек сұрады

"Сәләфилерден құтқарыңдаршы!" деген қазақ қызы шырылдап көмек сұрады

Қазақстандағы сәләфилер ағымы туралы бар шындықты бүкпесіз айтқан Рания есімді қазақ қызы тағы үндеу жасап, көмек сұрады деп жазады Democrat.kz. 

ТикТок әлеуметтік желісінде Рания атымен тіркелген қыз бірнеше уақыттан бері еліміздегі сәләфит ағымы өкілдерінің сұмдықтары мен шындықтарын айтып, ел ішіне іріткі салып жүргендердің масқара әрекеттерін әшкерелеп келеді. 

Рания бұған дейін өзі сәләфи ағымының өкіліне тұрмысқа шыққан. Сәләфи күйеуі Абзал ажырасқан соң да Ранияға тыныштық бермей, мазасын алып келеді. Бұл туралы Рания тиісті органдарға қанша рет шағымданғанымен, әзірге нәтиже жоқ. 

"Сәләфилерден кетсем де, бүгінгі күнге дейін ізімнен қалмайды, мазамды алып, әбден шаршатты. "Сенің ішіңе жын кірген" деп Қазақстанда заңмен тыйым салынған "Үш негіз" деген кітаптарын оқуымды талап етіп, қыспаққа алды. 

Бұрынғы күйеуім Абзал әлі маған тыныштық бермей, мазалап қоймаған соң, әлеуметтік желіде сәләфилер туралы барлық шындықты айтқан едім. Менің үстімнен арыз жазып, сотқа тартуда", деген Рания өзіне жасалған әділетсіздікке жаны күйіп, шырылдап көмек сұрады.

Айта кетейік, Рания сәләфи ағымындағы Абзалдан ажырасқан соң, "қайта неке жаңартайық" деп Абзал мазасын алған. Бұрынғы күйеуінің ұсынысын қабылдамағаны үшін, түрлі қыспаққа ұшыраған Рания ақырында әлеуметтік желіге шығып, көмек сұрап, сәләфилер туралы барлық шындықты жариялаған еді.

Еске салып өтейік, Democrat.kz.  ақпараттық порталында бұған дейін Рания туралы бірнеше рет мақала шыққан еді.  Оларды мына сілтемелерге өтіп, оқи аласыз. 

Барлық жаңалықтар