Продюсер Баян Мақсатқызы "Ақтөбедегі мешіттегі масқараға" байланысты мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
"Мешіттегі қызға қатысты "жақын еркекпен бірге баруы керек еді" деп қызды кінәлап жатқан танымал кісілерге айтарым - біз шариғат елінде өмір сүріп жатқан жоқпыз. Біз зайырлы мемлекеттің адамдарымыз. Сыртқа шыққанда жалғыз шыға аламыз. Сендер халықтың алдына шығып сөз айтар кезде ойланып сөйлеңдер! Сақалды жігіттердің бізге не істеуді, қайда барып-бармауды үйретуге қақысы жоқ. Шариғатпен өмір сүрмейтініміз үшін құдайға мың шүкір!Егер сендерге ұнамаса, Иран, Ауғанстанға кетсеңдер болады" деді Баян Мақсатқызы.