Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ант қабылдау рәсімінде әскери көрсетілім кезінде 24 жастағы әскери қызметкер шыны бөтелкені басымен сындыруға тырысып, бір көзінен айырылды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
КТК телеарнасының мәліметінше, Жамбыл облысының Жуалы ауданында ант қабылдау рәсімі кезінде оқыс оқиға болды. Жиналған жұртшылықтың алдында әскери қызметкердің бірінің басына шыны бөтелке сындырып өнер көрсетпек болады. Сол арада қызметкердің көзіне бөтелкенің әйнек сынықтары кіріп кетіп, бір көзінен айырылған. Қазіргі уақытта дәрігерлер екінші көзін аман алып қалуға тырысып жатыр.
Анықталғандай 24 жастағы Жақсылық Молдақұл мұндай «трюкті» бірнеше рет жасаған екен.
«Бұрын бұл әдісті жиі көрсететінмін, ешқашан мұндай мәселеге тап болмадым. Бұл жолы қалай болғанын өзім де байқамай қалдым. Ендігі жалғыз тілегім – қалған бір көзімнің көріп кетуі», – деді Молдақұл.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.