Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде тосын жазба жариялап, өзіне «сихр» жасалғанын меңзеді, деп хабарлайды Democrat.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
«Дуа яғни (сихр) туралы күніге көп адамдар жазады. Иә, менің хабарым бар және Өзбекстанда күшті дамыған. Мені өліп кетсін деп жасағанын да білемін. Өзімді тазалатып оқытуға барғанымда неше түрліні естиді екенсің. Кім және кімге барып Өзбекстанды аралап аяғы талмай жүргенін де білемін. Көрейік арты не болады екен…», – деп жазды ол.