Шок жаңалық: Димаш пен Баянның қызы үйленгелі жатыр?

Шок жаңалық: Димаш пен Баянның қызы үйленгелі жатыр?

Әлеуметтік желіде парақша ашқан танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбекқызын жұрт әнші Димашпен "қосып тастады" деп жазады Democrat.kz.

Парақшасында күнделікті өмірі мен хоббилары туралы суреттер ғана жариялайтын Айару да жұрттың "өсек нүктесіне" айналды. 

Соңғы уақытта оны оқырмандары Димашпен "қосып" түрлі пікір жазуда. 

Ең қызығы, "Айару мен Димаш керемет жұп болар еді" деген пікірден шыққан дау қазір кәдімгідей өршіп барады. 

"Димаш бұл қызды неғылсын" дегендер мен "Димаш екеуі қосылса, керемет болар ед" деушілер пікір таластырып отырғанда, "Димаш пен Айару кездесіп, жүріп жүр ме?", "Қашаннан бері жүріп жүр?" Дейтін сұрақтар бір ғана бос сөздің өсекке қалай айналатынын көрсеткендей...

 

Барлық жаңалықтар