Таяуда ғана мешіттегі масқара әрекеттері әшкере болып, жұмысан кеткен Марат Асановты жақтап, жұмысына кері қайтаруды сұрап, Шардараның ауыл халқы үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
"Шардара ауданының халқы атынан ауданымыздың имамы туралы бірнеше сөз айтқымыз келеді.
Біздің имамымыз осы уақытқа дейін елдің бірлигі мен тыныштығы үшин аянбай еңбек етіп келеді.
Қиын сәттерде халықтың жанынан табылып, мұқтаждарға қолдау көрсетіп, шәкірттер тәрбиелеп, жамағат арасында сый-құрметке и болды.
Бірер адамның жалған сөзі мен өсек-аяңына қап, елдің еңбегін жоққа шығармағдарыңызды қалаймыз.
Имам – халық пен Алла арасындағы дәнекер, ониң абыройы – бүкіл жамағаттың намысы.
Сондықтан Шардара халқының, қазыналы қарттардың және жамахаттың үнін эскеріп, әділ шешім қабылданарына сэнім білдіреміз" деген жазбамен видео жариялаған ауыл тұрғындары Қазақстанның "бас мүфтиі Наурыз Ержан мырза" деген адамға өтініш жасады.
Еліміздегі бас мүфтидің Наурызбай қажы Тағанұлы екенін білмегені ме, әлде басқалай себеп бар ма, белгісіз. Әйтеуір ауыл тұрғындары бұрынғы имамдарының мінсіз екенін айтуда.
Десек те, видеоға қатысты бір біріне ұқсайтын "имам жақсы кісі еді, адал еді, жала жабылды" дегенге саятын пікірлердің ішінде "мешітке талас бұл", "шоу басталды" дейтін пікірлер де бар.
