ШҚО-да жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

ШҚО-да жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Полиция әлеуметтік желіде тараған бірқатар болжамды ресми түрде жоққа шығарды, деп жазады Democrat.kz.

Зайсан аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі — «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Полиция сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын және қажетті тергеу-процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Әлеуметтік желілерде қаза тапқан әйелдің мұғалім болғаны және күдіктінің қауіпті интернет-ойынға қатысқаны туралы ақпарат тараған.

Алайда полиция бұл мәліметтерді ресми түрде жоққа шығарды. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның басқа егжей-тегжейі әзірге жарияланбайды.

Күдіктінің кінәсі сот үкімімен ғана анықталады

Барлық жаңалықтар