Шұғыл! Оқу ағарту министрі маңызды мәлімдеме жасады

Шұғыл! Оқу ағарту министрі маңызды мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылының қарсаңында тағы бір жаңалықты жеткізіп, мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz.

«Жалпы, жаңа оқу жылынан бастап,білім беру мазмұнына міндетті бірқатар курстар толықтырылды. Бұл 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәндері енгізілді. 

8-11- сыныпта «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылатын болады. Сонымен бірге 5-11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізілді. Келесі оқу жылынан бастап, 8-9-сыныптарда  «Қазақстан географиясы» пәні қайта енгізілді. Бұған дейін таңдау пәні ретінде жүргізілген  «Құқық негіздері» ендігі уақыттан бастап барлық оқушыларымыз үшін міндетті пәнге айналды. Жаңа Конституцияның қағидаттарына толық сәйкестендіріліп, жаңа мазмұнда оқытылатын болады.

Бұдан бөлек біз оқулықтарды түбегейлі өзгерттік. Осының ішінде биыл қайтадан басылып шығарылатын 3 және 7 сынып оқулықтары биылғы жылдың 30 тамызына дейін барлық білім беру ұйымдарына жеткізілетін болады. 

4-9 сыныптарға арналған жаңартылған оқулықтар 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ал, 8-сыныптың барлық жаңа оқулықтары 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық мектептерге толық жеткізіледі.

9-сыныптарға арналған «Құқық негіздері» пәні оқулығының мазмұны жыл соңына дейін толық жаңартылады, жаңа оқулықтар 2027 жылдың басында мектептерге жеткізілетін болады", - деп мәлімдеді министр Жұлдыз Сүлейменова.

Барлық жаңалықтар