Қазақтың бұлбұл әншісі, марқұм Роза Бағланованың ешкім білмейтін қызы екенін айтқан кейіпкер Barys.media.-ға сұхбат беріп, жұртшылықты таң-тамаша етті деп жазады Democrat.kz.
Кейіпкердің айтуынша, әнші Роза Бағланова кезінде өзін қызым деп белгіліеп, үлкен қамқорлық көрсеткен екен.
"Баяғыда Розаның Шымкентте туып тастап кеткен қызы екен деп жұрт шулаған екен. Мені туған қызындай жақсы көріп, еркелетіп, "Кішкентай, кіташка" деп қатты еркелететін.
Ол кісі ауырып жатыр дегенді естігенде, арнайы іздеп келдім. "Келдің бе" деп мейірлене қарады", - деген апа "Розаның құпия қызы" деген кітап жазғанын да айтады.
Кейіпкердің осындай қысқаша видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. "Роза апамыздың туған қызы болған ба?", "қатты ұқсайды екен", "даусы да ұқсайды екен" деп таңданып жатыр жұрт.