Шымкенттік пышақталған қыздың ісі бойынша адвокат мәлімдеме жасады

Шымкенттік пышақталған қыздың ісі бойынша адвокат мәлімдеме жасады

Шымкентте  сталкинг құрбаны болған Нұрай Серікбайдың ісі бойынша бекітілген адвокат Аянхан Омаров мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Шымкент қаласы, Төлеметов көшесінің бойында сталкингтің құрбаны болып, қатыгез жігіттің қолынан қаза тапқан Нұрай қарындасымыздың қылмыстық ісі бойынша өкіл - адвокат ретінде кірістім.

Шымкент қаласы ПД Абай аудандық Полиция басқармасына қорғау (өкілдік ету) туралы хабарлама мен адвокаттың қызметтік куәлігінің көшірмесін жолдадым.

Осыдан алдын айтқанымдай, осы іс бойынша әділдіктің орнауына, кінәлі тұлғалардың өздерінің тиісті жазаларын алуына бағытталған адвокаттық жұмыстарымды атқарамын", деп мәлімдеді адвокат Аянхан Омаров. 

Барлық жаңалықтар