Стоматология: Өзбекстанда - арзан, ал бізде неге удай қымбат?

Стоматология: Өзбекстанда - арзан, ал бізде неге удай қымбат?

“Стоматологқа барып, импланттардың бағасын көріп, блендер алайық деп шештік”, дейді. Бір оқып күлесің, бірақ астарында қандай ащы жайт бар.

Шынымен, стоматологиялық қызметтің бағасы күйіп тұр. Әпкемнің екі немересінің арасы 1 жас 1 ай. Содан үлкені мәманың орнын компотпен алмастырды. Бірақ ол тісін ауыртып, стомотологқа барды. Әйтеуір не керек 2 жастан енді асқан баланың тісін жөндеп, 1 млн 200 мыңға тіс салып берді. Бұл бір мысал. Үлкен әпкемнің де тіс салдыруы керек. Асты мен үстін толық дұрыстап, импланттау үшін 4 млн керек екен. Осындай жағдайлар тек менің маңайымда емес, көпшілікте бар. Бір пломба салу 20-30 мың тұрады. Осыны жаппай халықтың қалтасы көтере ме? Жоқ , әрине. Сондықтан көпшілігі бара да алмайды. Ал тістің саулығына жалпы денсаулық тәуелді. Дұрыс шайналмаған астың асқазанға әсерінен тыс, тіске жиналған түрлі бактериялар, инфекциялардың зияны ағзаны әлсіретеді, яғни ұлт денсаулығына тигізетін ықтимал қатерді молайтады. Айтайын дегенім, осы ел бойынша стоматологиялық қызмет көрсетудің бағасының шарықтауы қаншалықты заңды? Қанша нарықтық қатынастар десе де, мұншама қымбат болуын кім түсіндіреді? Қазақстан Республикасының Үкіметі, Денсаулық сақтау министрлігі, Антимонополиялық бақылау не дейді? Мәселен, көршіміз, өзбек бауырларда бұл екі есеге арзан екенін өткенде Ташкентке сапарлап барғанда білдім. Олар да бізде көрсетілетіндей көмектер-импланттар салады, винирлейді, протез салады бірақ барлығының бағасы бізден екі есеге төмен. Осыған кім жауап береді? Егер достықтарыңызда құзырлы органдар болса белгілей кетіңіздерші, ұлт денсаулығынан маңызды не бар? Анар ТӨЛЕУХАН, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар