ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында әнші наркенже Серікбаева бір видео жариялап, тағы сынға қалды деп жазады Democrat.kz.
"Табам деп әділдікті, соғылды тасқа маңдай,
Арылтар ауыр жүкті, сенделдім дос таба алмай" деп ән шырқап, видео түсірген Наркенженің бұл әрекеті оқырмандарына жақпады.
"Наркенже, беделің түсті, енді үйде отыр", "әділдік керек болса, соңына дейін тұрмадың ба мияуламай", "не десе, о десін, сол табақбетке иіскетпей кеткенің дұрыс болды", "осы әнмен ойын жеткізіп тұр ма?" дегенге саятын пікірлер әншінің видеосының астына көптеп жазылуда.