"Тағы бір жаңылық": Оқу ағарту министрі кей директорлармен маңызды мәселені талқылады

"Тағы бір жаңылық": Оқу ағарту министрі кей директорлармен маңызды мәселені талқылады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бірқатар білім мекемелері басшылығымен арнайы кездесіп, Қазақстандағы «Келешек мектептерінде» Білім-инновация лицейлерінің тәжірибесіне негізделген арнайы сыныптар ашу мәселесін талқылады, деп жазады Democrat.kz.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Білім-инновация лицейлерінің басшылығымен кездесіп, осы білім беру ұйымдарының тәжірибесін «Келешек мектептерінде» қолдану мүмкіндігін талқылады.

Кездесу барысында жаңа мектептерде арнайы сыныптар ашу, білім берудің тиімді әдістерін енгізу және мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды жолға қою мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар көптілді білім беру тәжірибесіне, жаратылыстану-математикалық пәндерді тереңдетіп оқытуға және оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға жүйелі түрде даярлау тәсілдеріне назар аударылды.

Білім-инновация лицейлері елімізде академиялық нәтижелері, пәндік олимпиадалардағы жетістіктері және жаратылыстану бағытындағы тереңдетілген білім беру жүйесімен танылған.

Егер бұл тәжірибе «Келешек мектептеріне» енгізілсе, жаңа форматтағы мектептерде тек инфрақұрылымды жаңартумен шектелмей, оқу мазмұны мен оқыту әдістемесін де күшейту көзделмек.

Әзірге арнайы сыныптардың нақты қай мектептерде ашылатыны және бұл тәжірибенің қашан енгізілетіні туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.

Барлық жаңалықтар