«Жайдарман» ойындарындағы «Миллион» командасы арқылы танылған Мансар Орынханның әйелі әлеуметтік желіде отбасындағы жағдайға қатысты жазба жариялады. Ол күйеуінің бірнеше күннен бері үйге келмегенін, хабарсыз кетіп, өзін барлық жерден бұғаттап тастағанын мәлімдеді. Үш баласымен қалған әйел күйеуіне үйге қатысты талап қойып, баспанасынан кетпейтінін ашық айтты, деп жазады Democrat.kz.
«Миллион» жайдарман командасы арқылы көпшілікке танылған Мансар Орынханның отбасындағы жағдай әлеуметтік желіде талқыға түсті.
Оның әйелі Instagram парақшасындағы stories бөлімінде күйеуінің әрекетіне қатысты жазба жариялап, отбасылық мәселесін көпшілікке жеткізді.
Әйелдің айтуынша, Мансар бірнеше күннен бері үйге келмеген және онымен байланысқа шығу мүмкіндігін шектеген.
«Бәлкім, қазір эмоциямен жазып отырған шығармын…
Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді, барлық жерден бұғаттайды.
Алты күн өтті, Алматыда жүргенін білемін. Бірақ мен өз өмірімді сүремін. Оның жоқтығынан өмір тоқтамайды. Және бұл бірінші рет емес!!!» – деп жазды ол.
Жазба авторының сөзінше, күйеуі мұндай әрекетке бұрын да барған.
Ол кеше тойға барған кезде ғана Мансардың байланысқа шыққанын айтқан.
Әйел өзінің ендігі ұстанымын да ашық жеткізген.
«Кеше тойға бардым, сол кезде ғана байланысқа шықты.
Қазір өзіне айтарым біреу: егер таңдауың кеше болса, үйді бізге қалдыр. Бізді таңдамағаның үшін үш баламен теңтертпе.
Мен бұл үйден кетпеймін, қусаң да», – деп жазған жайдарманшының әйелі.
Осылайша, ол үш баласымен бірге тұрып жатқан үйден кетпейтінін мәлімдеді.
Жазбада ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктің нақты неден басталғаны айтылмаған. Әйелдің «егер таңдауың кеше болса» деген сөзінің қандай жағдайға қатысты екені де нақтыланбаған.
Әзірге Мансар Орынхан жұбайының мәлімдемесіне қатысты көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.
Сондықтан әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат әзірше әйелінің жеке мәлімдемесіне негізделіп отыр.
«Үш баламен тентіретпе»: Жұбайы үйден кетпейтінін мәлімдеді
Мансар Орынханның әйелі Нұрайым Халиланың жазбасын бірнеше қазақстандық ақпарат құралы жариялады. Әйелдің мәлімдемесі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр.
Айта кетейік, Мансар Орынхан жуырда Түркістан облысының Арыс қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер екенін мәлімдеген. Ол бұған дейін «Миллион» жайдарман командасындағы өнерімен танылған.
Қазір жұбайының жариялаған жазбасына қатысты оның өз ұстанымы белгісіз.