Тойда "музыка - харам" деген шалдың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Тойда "музыка - харам" деген шалдың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысы, Жетісайдағы той үстінде айтқан сөзі қоғамда талқыға түскен 66 жастағы тұрғынға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Democrat.kz.

ІІМ мәліметінше, азаматтың айтқан пікірі діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша бағаланған.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді», – деп мәлімдеді ведомство.

Барлық жаңалықтар