Тоқаев Германияға жаңа ұсыныс жасады: Қазақстан 34 стратегиялық шикізаттың 21 түрін өндіреді

Тоқаев Германияға жаңа ұсыныс жасады: Қазақстан 34 стратегиялық шикізаттың 21 түрін өндіреді

Қазақстан Германияға шикізатты жай ғана сатумен шектелмей, пайдалы қазбаны барлаудан бастап өңдеу мен дайын компонент шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбек құруды ұсынды. Қазақстан Еуропа үшін стратегиялық саналатын 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді, деп жазады Democrat.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары кезінде екі елдің экономикалық ынтымақтастығын жаңа салаларға кеңейтуді ұсынды.

Қазақстанда литий, кремний, кобальт, ниобий, вольфрам және мыс секілді Еуропаның энергетикалық және цифрлық трансформациясына қажет ресурстар өндіріледі.

Президент германдық компанияларға тек шикізат жеткізу емес, геологиялық барлау, өндіру, өңдеу, компонент жасау және материалдарды қайта пайдалану кезеңдерін қамтитын бірлескен жобалар ұсынды.

2025 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда көлемі 9 млрд долларға жуықтаған. Қазақстанда герман капиталы қатысатын мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.

Сонымен бірге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект ынтымақтастықтың жаңа бағыты ретінде аталды.

Қазақстан германдық компанияларды дата-орталық технологиялары, бұлтты инфрақұрылым, киберқауіпсіздік, финтех және Alatau City жобасына қатысуға шақырды.

Президенттің айтуынша, мақсат — тек шетелдік капитал тарту емес, жаңа өндіріс салалары мен ұзақ мерзімді экономикалық өсім нүктелерін бірлесіп қалыптастыру. 

Барлық жаңалықтар