Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов әйелі Баян Мақсатқызына жаңажылдық сыйлық тарту етіп, жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
Жаңа жыл мерекесіне арнап, Тұрсын Алагөзов әйелі Баянға ерекше бриллиант сырға тарту етті.
Алты караттық бриллиант сырғаның құны жүз елу миллион теңгеге жуықтайды.
Титтей ғана екі сырғаның құны кей кісілердің үш баспанасының құнына тең болғаны жұртты таңғалдырды.
"Нағыз өмірді осылар сүріп жатыр", "титтей екі сырғаға үш адам баспаналы болатын ақша", "Баян неткен бақытты" дегенге саятын пікір жазған жұрт бақытты жұптарға игі тілегін айтуда.